KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Екі минутта төрт шайба

21.12.2018, 16:59 105


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында өз айдынында Cамара қаласынан келген «ЦСК ВВС» командасын қабылдаған Өскеменнің «Торпедосы» 5:4 есебімен жеңісін тойлады.


Осы жеңісінің арқасында қоржынға тағы екі ұпай түсірген өскемендік ұжым турнир кестесінде бір сатыға жоғарылап, 14-ші орынға жайғасты.


Десек те, жерлестеріміз үшін бұл жеңіс оңайшылықпен келген жоқ. Бұл кездесудегі бірінші шайбаны қонақтар соқты. Алайда, бұдан кейінгі төрт шайба айдын иелерінің еншісіне жазылды.


Ең қызығы, Андрей Белозеров, Евгений Белухин және де қос Александр – Шин мен Куваевтың дәл соққылары айналдырған екі минуттың ішінде таблодағы есепті 0:1-ден 4:1-ге өзгертті.


Дегенмен, самаралық хоккейшілер де қара жаяу емес екен. Соңғы жиырмаминуттықта «Торпедо» шабуылшысы Максим Капитуровтың шайбасына үш нәтижелі соққымен жауап берген қонақтар нәтижесінде 4:5 есебімен жеңіліс тапты.


Алдағы жексенбі күні өскемендік команда өз айдынында тольяттилік «Ладаны» қабылдайды. Бұл ойын кешкі сағат 17:00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив