KZ
Өскемен
+16°
гроза жел 7 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Өскемендегі жарысқа Олимпиада жүлдегері де келді

14.12.2018, 16:44 109


Өскеменде көркем гимнастикадан ХХІ ашық облыс біріншілігі өтуде. Үш күнге созылатын жарысқа Қазақстанмен қатар көршілес Ресейдің спортшылары да қатысуда. Арасында Олимпиада ойындарының жүлдегері де бар.


Жалпы, «Шығыс сымбаты» деген атауға ие турнирлер облысымызда 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы аралықта Өскемендегі додаға кейін халықаралық аренада толағай табыстарға жеткен көптеген жас гимнаст қатысқан. Тіптен, 1993 жылғы сайысқа атақты Алина Кабаеваның өзі келіпті.


Биылғы турнирге де бірнеше танымал спортшы қатысты. Олардың ішінде ең атақтысы 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Анна Ризатдинова болғаны сөзсіз.


Осымен 21-ші рет ұйымдастырылып тұрған жарыста өскемендіктермен қатар, еліміздің Семей, Алтай, Астана, Алматы сияқты қалаларынан және Ресейдің бірнеше шаһарынан келген жас гимнасттар сынға түсуде.


Мамандар біздің команда сапында әсіресе Томирис Сатыбалды мен Рената Жолдиноваға зор үміт артып отыр.


Бүгін кешке облыс орталығындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлер назарына біріншіліктің гала-концерті ұсынылғанын айта кеткен абзал. Ертең – жарыстың соңғы күні.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив