KZ
Өскемен
переменная облачность жел 3 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Келер жылы қытайша-қазақша электронды аудармашы жасалады

26.11.2018, 05:57 169


Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданы халықтық өкіметі төрағасының орынбасары Чжао Циннің бастауымен облыс әкімі Даниал Ахметов Үрімші қаласының техникалық-экономикалық даму аумағында болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Көрме кешенінде аймақ басшысына мобильдік аудармашы қосымшасы таныстырылды. Қазір аталмыш қосымша бірнеше тілдік топтарда жұмыс істей алады, мәселен қытайша-ұйғырша, қытайша-ағылшынша. Алайда бір жылдан соң-ақ қосымшаға қазақ тілі қосылмақ. Бұл серіктестер арасындағы қарым-қатынасты айтарлықтай жеңілдетеді.


Мұнымен қоса, бүкіл әлем бойынша жұмыс істей алатын GPS бағдарламасы және жергілікті компаниялардың бірі жасаған 12 сағаттан артық ұша алатын квадрокоптер көрсетілді. Пилотсыз ұшу қондырғысы көбінесе ауыл шаруашылығы саласында ақпарат жинау және аса дәл электронды картаны жасау үшін жиі қолданылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу