Ең арзан көмір Семейде сатылады
Сарапшылар Қазақстанның әр аймағында көмір қаншадан сатылып жатқанын саралап, арнайы мониторинг жүргізіпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Елімізде ең қымбат көмір Орал қаласында сатылатын болып шықты. Ол жерде бір тонна қатты отынның бағасы -17500 теңгені құрап отыр. Ал ең арзан баға Семей шаһарында тіркелді. Қазір бұл өңірде қара алтын 8300 теңгеден сатылып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Семейде көмірге тапсырыс беру үшін 8 705-639-16-16 нөміріне хабарлассаңыздар болады.
Оқи отырыңыз