KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

"Астана" Еуропа Лигасында сәтті жорық жасап жатыр

5.10.2018, 06:00 177


«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің екінші ойынында франциялық команда «Реннді» тізе бүктірді.


Ойынның бірінші бөлімінде еске аларлық ерекше сәттер болған жоқ, әрине.


Есеп екінші кезеңде бірақ ашылды. 64-минутта Бақтияр Зайнутдинов бұрыштамадан берген Марин Томасовтың добын баспен соғып, қақпаға сүңгітіп жіберді.


Осы голдан кейін-ақ ойынның қарқыны артты. Исмаил Сарра, Хатем Бен-Арфа және Эдсон Андре Ситое Мешера сынды мақтаулы ойыншыларынсыз келген «Ренн» таразы басын теңестіруге көп күш салды. Десе де, олардың ойы жүзеге аспады.


Қосалқы минут бастала салысымен қарымта шабуылда гол соққан Марин Томасов қарсыластың күдерін үзіп кетті.


Қортынды есеп 2:0.


«Астана» енді 25 қазан күні «Яблонец» клубының алаңына қонаққа барады. Чехия жеріне.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив