KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, С
480.11 532.25 5.14

ШҚО жасанды ақша жасау бойынша 3 орында тұр, Алматы бірінші орында

21.09.2018, 05:17 264


2018 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда 3,2 млн теңгені құрайтын 722 жасанды ақша белгісі жасалғаны анықталды. Дәлірек айтсақ, елімізде 711 купюра мен 11 тиын ақша қолдан жасалған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі LS порталына сілтеме жасап.


– Егер, өткен жылдың балама кезеңімен салыстырсақ, жасанды ақша белгілері 29% процентке төмендеген. 2017 жылдың І жартыжылдығында 1021 дана жасанды купюра анықталған болатын. Ағымдағы жылы көбіне 2 мың теңгелік купюра қолдан жасалған – 383 дана. Одан соң 10 мың теңге – 163 дана немесе 22,4%, 1 мың теңге – 79 дана, яғни 10,96%, қалған 13% басқа купюралардың еншісінде, – деп мәлімдеді бақылау ведомствосында.


Ұлттық банк мәліметі бойынша, жасанды банкнота шығару бойынша Алматы бірінші орында тұр, 445 дана жасанды купюра анықталған. Екінші орында – Астана. Елордада 91 жасанды банкнот шығарылған. Шығыс Қазақстан облысы 56 дана жасанды ақшамен үштікті түгендеп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив