«Altay Athletics» кениялық желаяқтардың бірімен қош айтысуы мүмкін. Нәтиже жоқ
«Altay Athletics» жеңіс атлетика клубы команданың кениялық спортшыларының бірімен әріптестігін тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы кезекті жеңілатлетикалық маусымның қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты барысында мәлімделді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов шығысқазақстандық клубтың мүшесі Шэдрак Чепкоечтың алдына зор міндет қойылып отырғанын айтты.
– Биылғы маусым Чепкоеч үшін сәтті болды деп айта алмаймын. Бұған спортшы алған жарақаттары да әсерін тигізбей қоймады. Десек те, Шэдрак 16 қыркүйек күні Астанада өтетін «Астана Марафон» жарысына қатысатын болады. Және біз одан бұл додада тек қана жеңіс күтеміз. Әтпегенде, онымен байланысымызды тоқтату жағын қарастыруымызға тура келеді, – дейді басқарма басшысы.
Айта кетейік, жексенбі күні елордада өтетін жарысқа Шэдрактан бөлек, тағы бір спортшымыз, семейлік Жанна Мамажанова да қатысатын болады. Бірақ, 10 шақырымдық қашықтықта сынға түсетін кениялық спортышыға қарағанда жерлесіміз 42 шақырымдық марафонға қатыспақ.