KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» тағы да буллиттен сүрінді

11.09.2018, 10:08 161


«Торпедо» қатарынан екінші ойында жеңіліс тапты. Осыдан бірер күн бұрынғыдай өскемендіктер бұл жолы да қарсыласына буллиттер сериясында жол берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының үшінші турында Мисхат Фахрутдинов шәкірттері Воскресенск қаласында жергілікті «Химикпен» кездескен болатын. Бұл ойындағы алғашқы шайбаны бірінші кезеңнің 16-шы минутында біздің хоккейшілер соқты. Нәтижелі соққы Максим Капитуровтың еншісінде. Алайда, жерлестеріміз жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Матчтың үшінші жиырмаминуттығы басталған тұста айдын иелері таразы басын теңестіріп жіберді. Ал ойын соңындағы буллиттер сериясында «Химиктің» асығы алшысынан түсті. Қорытынды есеп 2:1.


Осылайша, биылғы чемпионаттың алғашқы үш кездесуін қонақта өткізген торпедолықтар, сол матчтардың біреуінде жеңіске жетіп, екеуінде буллиттен жеңіліс тапты. Қазір қоржынында төрт ұпайы бар өскемендік ұжым турнир кестесінің 11-ші сатысында орналасуда. Енді жерлестеріміз өз айдынында қатарынан бес кездесу өткізбек. Оның біріншісінде «Торпедоға» Ижевск қаласының «Ижсталь» командасы қарсылас атанбақ. Бұл ойын 15 қыркүйек, сенбі күні сағат 17.00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив