KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Звездаға» буллиттер сериясында жол берді

9.09.2018, 13:32 198


Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында Мәскеуде Чехов қаласының «Звезда» командасымен кездескен өскемендік «Торпедо» қарсыласына ойын соңындағы буллиттер сериясында жол беріп қойды.


Жалпы, бұл матчта жерлестеріміз екі рет ұтылып жатып, таразы басын теңестіре білді. Екеуінде де қазақстандық шабуылшы Аркадий Шестаков көзге түскен айта кеткен жөн. Дегенмен, бұл күні сәттілік «Торпедоға» қарағанда айдын иелеріне көбірек жолдас болды. Кездесудің қосымша уақыты соңындағы буллиттер лотореясында «Звезда» хоккейшілері 1:0 есебімен жеңіске жетіп, қоржындарына алғашқы екі ұпайды түсірді. Торпедолықтар болса, бір ұпайға ие болды.


Екі матчтан кейін қоржынында үш ұпайы бар Мисхат Фахрутдиновтың шәкірттері әзірге турнир кестесінің үшінші сатысында тұр. Келесі кездесуін жерлестеріміз воскресенскілік «Химикке» қарсы өткізеді. Бұл ойын дүйсенбі күні ойналмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив