KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Будапешттегі әлем чемпионаты даумен аяқталды

1.09.2018, 08:07 87


Мажар елінде бокстан жастар арасындағы əлем чемпионаты соңына жетті. Өкінішке қарай, финалға шыққан 8 отандасымыздың тек екеуі жеңісті тойлатты.


Əйтсе де, барлық финалистерді жеңілді деуге келмейді. Жас боксшылар, Василий Левиттің Риодағы жолын қайталады. Шешуші жекпе-жектерде қазақ спортшылары, кілең ресейліктермен кездескен еді. Сенесіз бе, 8 қаракөзіміздің тек екеуіне ғана алтын бұйырды. Бұған сену əсте қиын. Ұлттық құраманың жаттықтырушылары, кемінде 4-5 алтынды еншілеуді көздеген. Десе де бұл мақсатқа төрешілер тосқауыл болды. 91 келіде финалда ресейлік Игорь Федеровқа қарсы тұрған Айбек Оралбай, қазылардың екі ұдайы шешімімен жеңіліс тапты. Дəл осындай нəтижемен Айзада Іслəмғали, американдық Яна Вердускеге жол берді. 69 келідегі соңғы айқаста оңай болған жоқ. Жанкүйерлердің көзайымына айналған Ермахан Жақыпбеков, ресейлік Жанболат Бижамовпен қолғап түйістірді. Алайда қарсыласты сұлатып түсіретін семейліктен, бұл жолы сəттілік теріс айналғандай. Шығыс саңлағы барын салғанымен, дағыстандықтың қарымта шабуылдары дөп тиіп жатты.


Мойындау керек, Бижамовтың бойы ұзын болғандықтан Жақыпбековке ыңғайсыз қарсылас еді. Соған қарамастан, Ермаханның қарқынын сарапшылар жоғары бағалап отыр. Сол секілді 81 келіде Сағындық Тоғамбай, төрешілердің бөлек шешімімен Руслан Колесниковтен жеңілді.


Ал дау-дамайдың көкесі 91 келіден жоғары салмақта орын алды. Финалдық айқас Дамир Тойбай мен Алексей Дронов арасында өрбіген-ді. Бірақ ұрыс басталмай жатып, шаршы алаңдағы қазы ресейліктің пайдасына нокдауын тіркеді. Қазақ саңлағы есеңгіремегінін көрсетіп тырысқанымен одан түк шықпады. Керісінше төреші екінші нокдауын болғанын көрсетіп, жеңісті Дроновтың еншісіне жазды.


Бұл масқараны ғаламтор қолданушыларыда айыптауда. Желі қолданушылары ресейліктерді AIBA (Халықаралық əуесқой бокс федерациясы) қауымдастығымен бір ымыраға келгенін топшылап отыр. Сөйтіп 13 жүлдемен көршілес Ресей Федерациясы жалпыкомандалық есепте озып кетті. 11 медальді иеленген қазақ құрамасы екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті 7 медальмен Үндістан елі тамамдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив