KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да өңірлік волонтерларды оқыту семинары өтті



15.03.2024, 17:38 177 0 Анель Слямғазықызы

Өскеменде облыстың қалалары мен аудандарынан келген белсенді еріктілердің қатысуымен оқыту семинары өтті. 


Семинардың мақсаты - республикадан берілетін шағын гранттарды түсіндіру, төтенше жағдай кезіндегі медициналық көмек көрсету, алаяқтық және жыныстық сауаттылық туралы оқыту. Спикерлер бұған дейін Қостанай, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Павлодар, Екібастұз, Семей қалаларында болып, бүгін Шығыс Қазақстанға келіп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Семинарда талқыланған тақырыптардың бірі - алаяқтық. Қазіргі таңда республикамызда алаяқтарға алданып жатқан азаматтар өте көп. Өңірімізге ат басын тіреген «Алаяқтық» жобасының жетекшісі азаматтардың болашақта алданбауы үшін қаржылық және құқықтық имунитет қалыптастыру мақсатында қарапайым тілде тегін тренингтер өткізіп жүр екен. Бұл жобаның негізгі мақсаты – халық арасында, соның ішінде жастар арасындағы қаржылық сауаттылықты арттыру.

-    Біз тегін тренингтер ұйымтастырамыз. Бұл қарапайым кездесулер емес, тренингке кәсіби спикерлер, заңгерлер және қаржылық салада жұмыс істеп жүрген майталмандар қатысады. Тик-ток, Инстаграмм желілерінде өзінің аудиториясы бар, қоғамға иелік ете алатын азаматтар қарапайым жұртшылыққа жобамызды түсіндіреді, осылайша адамдардың құқықтық және қаржылық сауаттарын ашамыз, - дейді «Alayaq.net» төрағасы Сержан Есжанов.


Айта кетсек,  «Мошенники» сериалының эпизодтары осы «Alayaq.net-ке» жүгінген қарапайым адамдардың басынан өткен оқиғалардың желісімен түсірілген.
Қазіргі таңда ұятқа балаған дүниенің барлығы - қоғамның бас ауыртар мәселесі. Сондай проблемалардың бірі – жыныстық сауаттылық. Осы мәселеге қатысты «Cаулық life» жобасы жүзеге асырылып жатыр. 

-    Біздің жобаның негізгі мақсаты - жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, яғни студенттерді, оқушыларды «тең-теңімен» қағидасы бойынша жыныстық сауаттылықтарын арттыру, сондай-ақ белең алып жатқан ерте жыныстық қатынас, ерте жүктілік арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу, - дейді Астана қаласының волонтерлар координаторы, «Cаулық life» жобасының жетекшісі Диляра Ерғалиева.


Бұл жоба 2023 жылы бес облысты қамтыса, осы жылы Шығыс өңірін қамтып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)