KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Өскемен: тәртіп сақшылары түнгі қаланың тыныштығын күзетті



22.04.2024, 15:53 133 0 Ынтымақ Толқын

Жұмыс аптасының соңына қарай қала көшелерінде жол ережесін бұзу жағдайлары жиі кездеседі. Спирттік ішімдік ішіп алып көлік жүргізетіндер де болады осы кезде.

Жолдағы қауіпсіздікті қадағалап, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары кезекті рет рейдке шықты. Құқық қорғау қызметкерлерімен ілесіп біз де түнгі қаланың тәртібін қадағаладық, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

– Бүгін жұма болғандықтан полиция қызметкерлері күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Осы жерден нұсқау берілгеннен кейін тәртіп сақшылары өзіне берілген аумақ бойынша тәуліктік кезекшілікке аттанады. Жолдағы қауіпсіздікті қадағалау мақсатында қала маңындағы жолдарда патрульдейтін полицейлердің санын да көбейттік. Басты мақсат – жол апаты мен түрлі қылмыстың алдын алу. Қазір бізде «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүруде. Сонымен қатар жаз маусымы басталғалы мотоцикл жүргізушілері де көбейді. Осы бағыт бойынша да жол көлік оқиғаларын болдырмау үшін қатаң тексеру жүргіземіз, - дейді полиция полковнигі Андрей Ларионов

Айта кетелік, қазір 102 нөміріне бір тәулікте 200-ге жуық қоңырау түседі. Қоңырау шалатындардың басым бөлігі жол ережесін бұзу және жанжалдасу оқиғалары бойынша хабарласады. 
Қазір облыс аумағында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатқандықтан қалаға кіріп, шыққан әр көлік мұқият тексерілетінін айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив