KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Қара қабылан бір ғасырдан кейін алғаш рет фототұзаққа түсті

15.02.2019, 06:49 168

Уилл Беррар-Лукас атты фотограф Кенияда пантераның өте сирек кездесетін түрі – қара қабыланды суретке түсіріп алды, деп хабарлайды BBC басылымы.


Фотограф кішкентай кезінен бері леопардтың осы түрін көруді армандаған көрінеді. Кейін Кенияның Лайкипиа графтығында қара қабылан бар екенін білген Беррар-Лукас, Сан-Диего зоопаркінің ғалымдарымен бірлесе отырып экспедицияға шыққан.


«Бірнеше жерге камера орнатып кеткен фотограф қайтып келгенде қара леопардтың суретін көріп, қатты таңғалыпты», - деп жазады басылым.


Айта кету керек, қабыланның қара болуы өте сирек кездесетін генетикалық мутацияға жатады. Ең соңғы рет қара қаблан 1909 жылы суретке түсірілген.


  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив