KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Өскеменде 54 жастағы таксист жоғалып кетті

5.11.2018, 03:04 186

Қалиев Алтай Нұрашханұлы жоғалып кетті. Туыстарының айтысынша 1964 жылғы азамат «Апару» такси қызметінде жұмыс істеген. Ол 30 қазан күні үйінен 891 нөмірлі ақ түсті «Hyundai Accent» көлігімен шығып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Азаматтың бойы, шамамен, 165 сантиметр. Өзі мығым келген, қараторы адам. Шашы қысқа қырқылған.

Спорттық шалбары қара, кроссовкасы қоңыр түсті. Үстіне ақ-қара түсті қалың жемпір, сыртынан қара желет киген. Бас киімі де ақ-қара түсті.


Өскемен қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, азаматтың жоғалғандығы туралы ақпар 31 қазан күні түскен. Жоғалған азаматтың туысқандары қандай да бір ақпарат білген адамнан мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды: 8 775 818 50 98, 8 771 437 10 39 немесе 102.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив