KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Зырян ауданында балықшылар мінген автокөлік мұз астына түсіп кетті

12.03.2018, 08:43 205

Кешке кешке Зырян ауданындағы Кремнюха ауылы маңында  қайғылы оқиға болды.  Аудандық ТЖ басқармасының басшысы Ержан Қасымхановтың айтуынша, ішінде 4 адам бар  жеңіл көлік мұз астына батып кеткен.


Абырой болғанда олардың үшеуі  судан әрең дегенде аман шыққанмен, біреуі (1975ж) шыға алмай қалған.  Қазір ол жерде  құтқарушылар тобы жұмыс атқаруда. Әзірге көлік пен балықшының денесін жедел алып шығудың жолы қарастырылып жатыр.


Құтқарушылар балықшыларға мұз үстінде балық аулаудың,көлікпен жүрудің қазір аса қауіпті екенін барынша ескертуде. Өйткені мұз қабатының қаншалықты бекем екендігін сырттай болжап білу мүмкін емес.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив