Бесқарағайдың екі ауылына су құбыры тартылады – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданына қарайтын Бөдене және Мостик ауылдарына келесі жылы су құбыры тартылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық бағдарлама бойынша аталмыш аудандағы Долон ауылдық округінің ауылдарында құбыр тарту жұмыстары шілде айында басталып кеткен. Ал Долонның өзіне су құбырлары тамызда тартыла бастаған еді. Қазір тиісті жұмыстардың тең жартысы аяқталды.
Оқи отырыңыз