Өскеменде мұсылмандар орыс зиратына жерленіп жатыр
Шартты сурет: aikyn.kz
Өскеменнің Согра кентінде он мұсылман амалсыз орыс зиратына жерленген екен.
Согра кентінің тұрғындары мұсылмандар зираты мен мешіт құрылысына жер бөлуді сұрайды. Ақтық сапарға шығарып салған он шақты мұсылман баласын туыстары орыстардың зиратына жерлеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Didar ақпаратқа сілтеме жасап.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен кездесу кезінде согралықтар кенттің маңында мұсылмандарды жерлейтін зираттың жоқтығын айтып, оған жер беруді өтінді.
Ол зиратқа қай жерді таңдап қойғандарын да айтып берді.
Жақсылық Омар ақсақалды алдағы аптада қабылдап, жер мәселесін шешіп беруге уәде етті. Тағы бір тұрғын осы шағын ауданда мешіт салуға қол ұшын беруін сұрап отыр.