KZ
Өскемен File engine/modules/json_openweathermap_pogoda_one_day.php not found.
[rates-money]{m-rates-USD}[/rates-money] [rates-money]{m-rates-EUR}[/rates-money] [rates-money]{m-rates-RUB}[/rates-money]

ШҚО-да тарихи мұраларды зерделеп, сақтауда ауқымды істер атқарылып жатыр

27.12.2023, 14:00 844 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстанның мәдениетін дамытып, өнерін өркендетуде, тарихи мұраларды зерделеп, сақтауда облыстық мәдениет басқармасы ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Әсіресе, аймақ басшылығының қолдауымен жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай.

 

Бұл орайда ұзақ жылдар еліміздің, оның ішінде өңіріміздің мәдениетін дамытуға үлес қосып, табанды еңбек етіп жүрген жерлестеріміз жетерлік. Солардың қатарында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановты атап өтуге болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

 

Нұрболат Қадырұлы 1963 жылы 27 желтоқсанда қазіргі Абай облысы, Жарма ауданының Ақжал ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1986 жылы Павлодар «Казтеплоизоляция» тресінде бастаған. Кейіннен С.Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институтында оқытушы, Мәдениет және ақпарат министрлігі Өнер департаменті директорының орынбасары, Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті музыка өнері басқармасының басшысы қатарлы лауазымды қызметтерді атқарған. Түркістан қаласындағы Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығын, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайын басқарған. Қандай лаузымды қызметтің тізгінін қолына ұстаса да ұлт мұратын, ел мүддесін бәрінен жоғары қойып, абыройлы қызмет атқара білген Нұрболат Қадырұлы 2021 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасына басшылық етіп келеді. Осы жылдар аралығында өңірімізде игілікті істер атқарылып, ілкімді жобалар жүзеге асырылды.

 

Жуықта мәдениет басқармасы өңір басшылығының қолдауымен Түркия астанасы Анкара қаласындағы Анадолы өркениеттер музейінде «Ұлы дала алтыны» көрмесін өткізіп, жарты әлемге сақ дәуірінің салтанатын паш еткен болатын. Бұл көрмеде Шығыс Қазақстан аумағынан табылған аса бағалы археологиялық жәдігерлер көпшілік назарында ұсынылғанын айта кеткен абзал. Оған дейін Британиялық Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында өткен «Ұлы дала алтыны» атты көрме де әлем жұртын тамсандырып, байырғы мәдениетімізді паш еткен.

 

Осы жылдың өзінде обылстық мәдениет басқармасының бастамасымен 200-ден астам маңызды мәдени-бұқаралық іс-шаралар жүзеге асты. «Ұлттық Рухани жаңғыру» және «Ауыл – ел бесігі» жобаларын іске асыру аясында концерттік ұйымдар Шығыс Қазақстан облысының аумағында гастрольдік турлар ұйымдастырды. «Ертіс концерт» шығармашылық ұжымы Глубокое, Алтай, Самар, Ұлан аудандарының шалғайдағы елді мекендерінде  өнер көрсетті.

 

Сондай-ақ барлық аудандар қатысқан «Шырайлы Шығысым» атты клуб құрылымдары арасындағы облыстық фестивальдың өтуіне де Нұрболат Ахметжанов басшылық ететін басқарма мұрындық болды. Өңір басшылығының бастамасымен қайтадан дәстүрлі түрде жалғасын тапқан «Туған жер – алтын бесігім» жобасы да өңірдегі өнерпаздардың өрісін кеңейткен шаралардың бірі болды.

 

«Музыкалық жұма» жобасы (OPEN air) және «Менің Қазақстаным» атты салтанатты концерт жоғары деңгейде өтіп, көпшіліктің көңілінен шықты.

 

Сондай-ақ мәдени іс-шаралардың біразы облыстық драма театр мен кітапханаларда жалғасын тапты. Шығыс Қазақстан облыстық драма театры сахнасында О.Бөкейдің 80 жылдығына арналған «Қар қызы» драмасының тұсаукесері және «Алтай халық театрлары» облыстық фестивалі жоғары деңгейде өтті.

 

Облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен бұдан өзге де өңірдің мәдениеті мен руханиятын насихаттауға арналған көптеген іс-шаралар өтті. Ұлт руханиятының дамуына сүбелі үлес қосып отырған облыстың мәдениет басқармасы бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу