KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
488.91 532.62 5

ASHYQ: ШҚО-да қызыл статуспен жүргендерге 3 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды

27.09.2021, 15:22 182

2021 жылғы 21 қыркүйектегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында «ASHYQ» жобасы бойынша 8459 субъект бар, оның ішінде ресми қатысушылар – 8071, тестілеу объектілері – 388.

Сондай-ақ, 71 объектіде шектеу шараларының бұзылғандығы анықталды.

- 21 қыркүйектегі жағдай бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде «қызыл» және «сары» статусы бар 3516 тұлғаның келгені тіркелді. «Қызыл» статусы бар тұлғалар – 1386 адам, «сары» статусы барлар – 2130 адам. «Сары» статусы бар анықталған тұлғаларға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы 1906 қаулы шығарылды, - деп хабарлайды ШҚО  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қаьар, «қызыл» статусы бар 77 адамға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес қарау нәтижелері бойынша жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты 3 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша «Ashyq көшбасшылары» статусын беру алгоритміне сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулысымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жүктемесінің негізінде ағымдағы жылы «Ashyq» жобасының 217 қатысушысы көшбасшы болып танылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив