12 тамыз – Халықаралық жастар күні
Фото: depositphotos.com
12 тамызда жыл сайын атап өтілетін Халықаралық жастар күні жас адамдардың әлемнің дамуы мен қалыптасуындағы рөлін еске салып, олардың күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарына назар аударту мақсатында белгіленген.
Бұл мейрам БҰҰ Бас Ассамблеясының 1999 жылғы 17 желтоқсандағы шешімімен, 1998 жылғы 8-12 тамызда Лиссабонда өткен Жастар ісі жөніндегі министрлердің Дүниежүзілік конференциясының ұсынысы бойынша бекітілген.
Алғаш рет Халықаралық жастар күні 2000 жылдың 12 тамызында тойланды.
Оқи отырыңыз