Үлбі жағалауының бойындағы жол құрылысы келесі жылға қалды – Өскемен
Фото: Маргарита Малышева
Үлбі жағалауының бойында автожол және жағалау кешенін салуды бастау шешімі өткен жылы күзде қабылданды. Алайда жаз бойы жүргізілген жол жұмыстары қаржы жетпей қалуынан бітпей қалып, келесі жылға қалды.
Дерекке сүйенсек, құрылыс жұмыстарына қосымша 1,2 млрд теңге қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгінгі таңда нысанда инженерлік желі, жол салу жұмыстары біткен.
Мамыр айында қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жұмыс шілде айында аяқталып, жол қозғалысы ашылатынын жазған еді. Аталған жол Абай даңғылы, Үлбі көпірі және Астана көшесіндегі көлік ағынын реттеу үшін салынады.