Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарға 40,6 млн теңге төленген
Фото: egemen.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше, былтыр сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінген 83 адамға іздеу жарияланып, 24-і ұсталған. Олардың арасында 11 жыл бойы ұстатпай жүрген күдікті де бар.
Агенттіктің 2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасында осы және өзге деректер келтірілген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Жалпы, агенттік 653 млрд теңгеге жуық сомадағы мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтарды. Сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарлағаны үшін 134 адамға 40,6 млн теңге сыйақы төленіп, 7 мемлекеттік қызметші грамотамен марапатталды", - деп жазылған ұлттық баяндамада.
Агенттіктің мәліметі бойынша, 2022 жылы 83 адам іздестірілген.
"Қабылданған шаралардың арқасында олардың саны 59-ға дейін азайды. Елдің шегінен тыс жерде 6 адам ұсталды, олардың біреуі 11 жылдан астам іздеуде болған", - делінген ресми мәліметте.
Оқи отырыңыз