Түркістан облысында дәрі-дәрмекті рецептісіз сатқан дәріхана анықталды

Фото: egemen.kz
Түркістан облысының полицейлері дәрі-дәрмекті рецептісіз сатқан дәріхананы анықтады.
Дәріханадан шыққан ер адамнан рецепт бойынша берілетін «Медакс» препаратының төрт данасы табылды, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция департаменті бастығының тапсырмасымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп жатыр. Іс-шара барысында сақшылар рецептісіз дәрі-дәрмек сатқан дәріхананы анықтады. Яғни, дәріханадан шыққан ер адамнан рецепт бойынша берілетін «Медакс» препаратының төрт данасы табылды. Ол дәріні рұқсат қағазынсыз сатып алғанын түсіндірді. Бұл факт Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Ал дәріхана қызметкеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы 1-бөлігі бойынша материалдар жинақталып, шешім қабылдау үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне жолданды. Сақшылар заңсыздықтардың жолын кесу мақсатындағы іс-шараларды жалғастырып жатыр.