KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.03 480.38 4.91

Сүт өнімдерінің жоғары сапасын қамтуға бағытталған өзгеріс енгізіледі

Фото: egemen.kz

25.07.2023, 18:58 295

Сүт өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер күшіне енеді.

Бұл Қазақстан стандарттау және метрология институтының мәліметінде жазылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Биылғы 22 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №143 шешімі негізінде «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне елеулі өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер сүт өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген Қазақстан стандарттау және метрология институтының мәліметінде.

2013 жылдан техникалық регламент алғаш рет қолданысқа енгізілген кезде оны қолдану практикасы сүт өнімдерін өндірушілерге де, тұтынушыларға да қатысты бірқатар маңызды мәселе бойынша нақтылау жұмысы қажет екенін анықтады.

Аталған институт сарапшыларының айтуынша, өсімдік майларының қосылғаны туралы ақпаратты сүт өнімдері құйылған қаптамада міндетті түрде көрсету негізгі өзгерістердің бірі саналады. Бұл өз кезегінде адамдарға өнімді сатып алу кезінде дұрыс мәлімет алуына ықпал етеді.

Сонымен қатар балалар тағамы өнімдерін сәйкестендірудің физика-химиялық көрсеткіштері өзгерді. Бұл ретте Д дәрумені мөлшерінің шекті деңгейі ұлғайтылды. Осы өзгерістер балалар тағамын өндіруді тұрақтандыруға және тұтынушыларды жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа түзетуде айран, сүзбе, құрт сияқты ұлттық сүт өнімдері қамтылып, оларды нарыққа кеңінен шығару ескерілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив