KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Әскерден жалтарғандарға жалған анықтама жасап бергендер анықталды

Фото: egemen.kz

27.07.2023, 19:23 226

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскери міндетін орындауды кейінге қалдыру үшін жалған анықтама жасағандар анықталғанын айтты.

Бұл ақпарат құзыретті органдарға беріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Мен бұған дейін 1 наурыздан бастап оқу орындарындағы 300 мыңнан астам оқушыға автоматты режимде шақыруды кейінге қалдыру туралы мәлімдегенімдей, көктемгі шақыру кампаниясының қорытындысы да өзінің тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар жағымсыз жақтары да анықталды, оларды жою болашақта осы жұмыстың нәтижелеріне оң әсер етеді. Мысалы, оқу туралы жалған анықтамаларды ұсыну жағдайлары анықталды. Олардың негізінде белгілі бір сыйақы үшін осындай анықтамаларды беру бойынша заңсыз қызметпен айналысатын адамдар анықталды. Бұл ақпарат құзыретті органдарға берілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр,  деп мәлім етті Дархан Ахмедиев.

Спикер атап өткендей, бір мезгілде әртүрлі өңірлердегі екі жоғары оқу орнында оқитын азаматтар анықталған. Дархан Ахмедиевтің дерегінше, бұл мәселелер Ғылым және жоғары білім министрлігімен талқыланып, шешу жолдары қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу