KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қатты тұрмыстық қалдықтар саласында қандай өзгеріс болады?

Фото: egemen.kz

31.07.2023, 14:25 160

Қатты тұрмыстық қалдықтар саласындағы бәсекелестікті дамыту жол картасы әзірленеді.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі Нүркен Шәрбиевтің берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында, сондай-ақ бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған кешенді шараларды әзірлеу үшін 2020, 2021 жылдар және 2022 жылдың 8 айы кезең ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, сұрыптау және көму (бұдан әрі – ҚТҚ) бойынша нарықта талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша агенттік бұл нарықтың дамымаған бәсекелестікпен жоғары шоғырланғанын анықтады. Осыған байланысты, осы нарықта бәсекелестіктің тең қолжетімділігін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету мақсатында министрлік агенттікпен бірлесіп ҚТҚ саласындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол картасын (бұдан әрі – Жол картасы) әзірлейді, – деп атап өтеді бірінші вице-министр жауабында.

Оның атап өтуінше, жол картасы аясында конкурс қорытындылары бойынша ҚТҚ нарығының әлеуетті қатысушыларын айқындау бойынша іріктеу критерийлері, жинауға арналған бірыңғай үлгілік шартты белгілеу көзделеді. ҚТҚ тасымалдау, ҚТҚ жинау, әкету және көму жөніндегі қызметтерді жеткізушілермен жасалатын шарттардың қолданылу мерзімін 10 жылдан аспайтын мерзімге регламенттеу, ҚТҚ жинау, әкету бойынша (аудандар мен учаскелер бойынша) нарық шекараларын облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда лоттар бойынша бөлуді регламенттеу қарастырылады.

– Бұдан басқа, жол картасы аясында жыл сайынғы индекстеуді ескере отырып, 2 жылда 1 рет ҚТҚ тарифін қайта қарау, жақсы дамыған бәсекелестікпен ҚТҚ жинау, әкету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік қатысуы бар ұйымдарды жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізу мәселелері пысықталатын болады, – деді Нүркен Шәрбиев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив