KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Дәрі-дәрмек дистрибьюторлар үшін үстеме бағаны көтеру қаралып жатыр

Фото: egemen.kz

2.08.2023, 20:23 209

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелері аясында берілетін дәрі-дәрмекке бірыңғай дистрибьюторлар үшін үстеме бағаны көтеру жағы қаралып жатыр.

Үстеме баға жобасы өткен жылдың қорытындысы бойынша шығындарға негізделген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Бүгін қарастырылып отырған үстеме баға жобасы өткен жылдың қорытындысы бойынша шығындарға негізделген. Шығындардың басым бөлігі логистикаға тиесілі. Бұл дегеніміз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау және тиеу-түсіру жұмыстары. Жоғарыда айтылған жайттар дистрибьютордың дәрі-дәрмектерді сатумен байланысты шығындарының 45%-ын құрайды. Үстеме бағаны арттырудың тағы бір факторы – экономикалық тиімділіктің көрсеткіші ретінде қызмет ететін бірыңғай тарату жүйесінің рентабельділігі,  деді СК Фармация ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилова.

Оның айтуынша, үстеме баға жобасын ашық талқылау бірыңғай дистрибьютор қызметі үшін маңызды.

– Дәрі-дәрмекпен уақтылы мен үздіксіз қамтамасыз ету негізгі стратегиялық міндет. Бізде пандемия (COVID-19) кезінде тәжірибе бар. Яғни кейбір дәрі-дәрмекке сұраныс артып, уақытша проблема туғызады. Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар аудандардың, елді мекендердің алыстығына қарамастан жыл бойы жеткізіледі,  дейді ол.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу