KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Ауғанстан үкіметі бидай, ұн бағасына жеңілдік беруді сұрады

Фото: egemen.kz

3.08.2023, 14:29 144

Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи Қазақстанға экспортталатын тауарларға жеңілдігі бар тариф қолдануды сұрады.

Сонымен қатар Ауғанстанға импортталатын бидай мен ұн бағасына арнайы жеңілдік беруді сұрады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Ауғанстан қысқа мерзімде ондаған отандық тауар өндірісінің арқасында өзін-өзі қамтамасыз етуге көшкенін қуанышпен хабарлаймын. Бұдан басқа, біздің өнеркәсіптік өнімдеріміздің жүздеген атаулары құрылып, сауда артып келеді. Біз бауырлас Қазақстаннан Ауғанстанның отандық өнеркәсібін қолдау үшін сіздерге экспортталатын Ауғанстан тауарларына жеңілдігі бар тариф қолдануды сұраймыз, – деді Нуриддин Азизи Астанада өткен бизнес-форумда.

Сондай-ақ Нуриддин Азизи Ауғанстанның халқы мен жеке секторын қолдау мақсатында Қазақстаннан Ауғанстанға импортталатын бидай мен ұн бағасына арнайы жеңілдік беруді сұрады.

– Мен атап өткен кейбір экономикалық және саяси мәселелерге қарамастан, Ауғанстанда пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету саласында нақты және практикалық инвестициялық мүмкіндіктер бар және Қазақстан Республикасының инвесторларына Ауғанстандағы өздерін қызықтыратын салаларға инвестиция салу ұсынылады, – деді спикер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу