KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Өнеркәсіпте ішкі мүмкіндікті пайдалану қажет

Фото: egemen.kz

1.09.2023, 11:33 268

Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласында елдегі шикізат пен тауарды, кадрларды пайдалану қажет екенін айтты.

Президент өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет. Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз.
Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану қажет. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек.
Сонымен бірге реттелетін сатып алу кезіндегі өз тауарларымыздың үлесін арттыру және офтейк жүйесін толық іске қосу қажет. Еліміздегі өнім өндірушілермен жасалатын офтейк келісімшарттардың үлесін кемінде 10 пайызға жеткізу керек. Бұл – жыл сайын 2 триллион теңге деген сөз, – деді Мемлекет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив