KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Кейінгі 10 жылда тіркелген неке саны азайды

Фото: egemen.kz

10.09.2023, 11:39 193

Елде тіркелетін неке саны азайып кеткен.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының 10 қыркүйек – Отбасы күніне орай жариялаған мәліметтерінде айтылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық бюро мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылмен салыстырғанда 2022 жылы тіркелген неке саны 164 мыңнан 128 мыңға дейін азайды, яғни неке коэффициенті де төмендеді. Егер 2012 жылы 1000 адамға 9,81 жұптан келсе, 2022 жылы 6,54 жұп болды.

Өңірлер бөлінісін қарасақ, тұрғындар арасында неке қиюдың ең жоғары коэффициенті Астанада тіркелді, 1000 адамға 8 жұп. Ең төменгі коэффициент Ақмола мен Абай облыстарында – 6,1.

Айта кету керек, соңғы 20 жылда некеге тұрушылардың ең жоғары көрсеткіші 2012-2013 жылдары байқалды. Мәселен, 2002 жылы некелесу коэффициенті 6,6 болған.

Неке санының төмендеу факторларының бірі – некеге тұрған халықтың жас құрылымының ерекшелігімен байланысты. Егер 2010 жылдары туу көрсеткіші жоғары болған 1985-1990 жылғы ұрпақ некеге тұрса, 2020 жылдан кейін туу көрсеткіші төмен болған 1995-2000 жылдары дүниеге келген ұрпақ отбасы құра бастаған.

Ерлер үшін некеге тұрудың орташа жасы (алғашқы неке) – 28, әйелдер үшін – 25,2 жас.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив