Еліміздегі үш әуежай шетелдіктерге басқаруға берілмек
Фото: incrussia.ru
Қазақстан үш әуежайды шетелдік инвесторларға сенімгерлік басқаруға беру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Zakon.kz жаңалықтар порталына сілтеме жасап.
Қазақстанның әуежайларын жаңғыртуға жалпы алғанда 2 миллиард 400 миллион доллар жеке инвестиция, соның ішінде шетелдік инвестиция тарту жоспарланып отыр.
- Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайларын осы салада тәжірибесі бар ірі әлемдік инвесторлардың сенімгерлік басқаруына беру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деді министр.
Оқи отырыңыз