KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қандай мамандар Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат ала алады?

Фото: unite.ai

28.02.2024, 14:17 144

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің саны 21-ден 51-ге артады.

Жаңадан қосылған кәсіптер негізінен цифрлық даму, инновациялар және денсаулық сақтау салаларына тиесілі, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Олардың қатарында жасанды интеллект инженерлері, web әзірлеушілер, мобильді қосымшаларды әзірлеушілер, компьютерлік ойындарды әзірлеушілер, ақпараттық жүйелер сәулетшілері, сервер әкімшілері, ақпараттық қауіпсіздік маманы, графикалық дизайнерлер, суретші иллюстраторлар, акушер гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, сәулелік диагностика дәрігерлері және басқалар бар.

Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, жаңа тізім жасауда құзырлы министрліктерің тапсырыстары мен ішкі еңбек нарығындағы жағдай ескерілген.

Толық тізіммен Ашық НҚА сайтындағы жобадан танысуға болады. Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 13 наурызға дейін.

 

                                                                        

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу