KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
484.11 528.79 5.03

"Қазтест" өткізудің жаңа ережелері бекітілді

depositphotos.com

Кеше, 10:30 53 Ержан Әбіш

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ тапсырудың жаңа ережелерін бекіткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Енді ҚАЗТЕСТ-ті қағаз және электронды форматта тапсыруға болады. Диагностикалық тестілеу 1 сағат 10 минутқа, ал сертификаттау тестілеуі 2 сағат 7 минутқа созылады. Тест сұрақтары төрт блоктан тұрады: «Тыңдалым» – 20 тапсырма, «Оқылым» – 40 тапсырма, «Жазылым» (тек сертификаттау тестілеуі үшін) – 2 жазбаша тапсырма және «Айтылым» (тек сертификаттау тестілеуі үшін) – 2 ауызша тапсырма.

Белгілі бір деңгейдегі сертификат алу үшін тесттің әр блогы бойынша минималды балл жинау қажет. Сонымен қатар, тіркеу процесі жеңілдетілді. Жеке тұлғалар тестілеуге app.testcenter.kz сайты арқылы тіркеле алады, ал заңды тұлғалар Ұлттық тестілеу орталығына ресми хат жолдау арқылы өтініш бере алады. Тестілеу нәтижелері Астана қаласы үшін 3 күн ішінде, ал қалған өңірлер үшін 15 күн ішінде тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив