KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Түрлі бағытты таңдаған қолөнершілер арасында жарыс өтті – ШҚО

Фото: gov.kz

13.06.2023, 11:00 348

9 маусымда ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Солжағау кешенінің аумағында "Шығыс кәдесыйы-2023" фестиваль-конкурсы өтті. Шара Мәдениет басқармасының қаржылай қолдауының арқасында ұйымдастырылған.

Мұндай фестиваль-конкурсты ұйымдастыру дәстүрге айналған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жыл сайын шараның деңгейі мен орны ауысып отыратын көрінеді. 2009 жылы өткен республикалық 1-ші фестиваль-конкурсқа Қазақстан Қолөнершілер одағының өкілдері, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Павлодар өңірлерінің шеберлері қатысқан. Ал 2011 жылы Семей қаласында ұйымдастырылған «Асыл мұра» халықаралық байқауына елдің әр аймағының және Татарстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай елдерінің қолөнершілері қатысқан.

Бұл жолғы облыстық байқауда 60-тан астам шебер мен қолөнерші бұйымдарын ұсынған.

Мұндай шараны өткізудегі мақсат – ШҚО-ның дәстүрлі қолөнерін жаңғырту, сақтау және дамыту, қолөнер бизнесінің табысты болуы үшін қажетті инфрақұрылым құру, кәсіптік біліктілікті, іскерлік сауаттылықты арттыру, қолөнер бұйымдары нарығы туралы заманауи ақпарат беру, өнімді жергілікті деңгейде өткізу жолын қалыптастыру, қолөнер ісін жастарға мұра ету, облыс қолөнершілері туралы ақпарат жинау.

Байқауға ұсынылған бұйымдар әртүрлі техникада, әртүрлі материалдан жасалған. Мәліметке сүйенсек, жыл сайын қатысуға ниет білдірушілер саны артып келеді. Биыл фестивальға қатысушылар қатарына жаңа шеберлер қосылған, олардың басым бөлігі – 18-35 жас аралығындағы жастар.

Нәтижесінде әртүрлі номинация бойынша 18 жеңімпаз диплом мен сыйлықтарға ие болды. Олардың арасында жас қатысушылар да бар.

Бұл жолы шара аясында жәрмеңке, шеберлік сағаты мен көрме ұйымдастырылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив