Президенттің шешімі – ел мүддесі үшін ұтымды – Нәбиолда Кемешов
17 маусымда Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы Катонқарағай, Марқакөл, Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген еді.
Президенттің мәлімдемесі жөнінде мәдениет қайраткері, Күршім ауданының Құрметті азаматы, ақын-сазгер Нәбиолда Кемешов жеке көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Марқакөл жеке аудан болып ашылады дегенді естіп көңіл марқайып, ел қуанып қалды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел мүддесі үшін ұтымды шешімі болды. Шекара шебінде тұрған Марқакөл ұлттық мүдде тұрғысынан да маңызды.
Иә, ендігі кезекте, расымен де, қателіктен қорытынды шығара отырып жұмыс істеу керек. «Ұлтарақтай жер қымбат, ат төбеліндей ел қымбат» деген.
Ендігі кезекте өшкенімізді жаңартып, ел болып етегімізді жинауымыз керек. Президентіміздің осы жолғы шешімі Марқа, Катон, Мақаншы жұрты үшін ғана емес, Қазақ елі үшін қабылданған үлкен тарихи шешім болды. Біздің өміріміздің бір бақытты кезеңі осы шығар. Алдағы күндері Күршім көпірі аяқталса, аяқ алыс кеңіп, келіп-кету жақындай түспек. Бұл да – стратегиялық маңызы зор нысан. Сондықтан көпір де тезірек аяқталса екен деген ел тілегі бар.
Бұл шекара, жер, қорғаныс мәселелері жөніндегі қаңқу сөздердің нүктесін қойған күн деп білемін. Енді сөзді қойып, іске кірісуіміз керек.
Қуаныш ұзағынан сүйіндірсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын! – дейді мәдениет қайраткері.

Оқи отырыңыз