KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Омбы-Майқапшағай жолы жүк көліктері үшін ақылы болады

Фото: egemen.kz

21.07.2023, 11:01 352

ШҚО әкімі «Омбы-Майқапшағай» тас жолының бір бөлігіне барды. Жоба бойынша бірқатар мәселе туындаса да, қазір құрылыс жұмыстары тәмамдалған.

ШҚО арқылы өтетін 231 шақырым жолдың 162,4 шақырымында жұмыс аяқталып, қалған бөлігіне асфальттың төменгі қабаты төселді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Автокөліктер аталған жолдың бойымен рұқсат етілген сағатына 70 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруі тиіс. Қазір нысанда Қазақстан-Қытай компаниялары жұмыс істеп жатыр. Жұмысқа 400-ден астам адам, 214 техника жұмылдырылған. Жобаның құны – 84 млрд теңге. Айта кету керек, құрылыс жұмыстарына қажетті қаражат қарызға алынғандықтан пайдалануға берілгеннен кейін аталған жол жүк көліктері үшін ақылы болады. Ал рұқсат етілетін жылдамдықтың шегі сағатына 120 км болады. Сонымен қатар жол бойындағы 5 демалыс орны жабдықталады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу