KZ
Өскемен
+9°
небольшой проливной дождь жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Өскемендік өнертапқыш заманауи қоқыс сұрыптау кешенінің жобасын әзірледі

16.10.2023, 17:53 203 Мадина Амангелдіқызы

Қазақ елі мақтан тұтар талантты жастардан кенде емес. Тәуелсіздікпен тыныстаған отыз жылдан астам уақытта мұндай қабілетті буынның бірнешеуі өсіп шықты. Еліміздің болашағы да, республикамыздың мақтаныштары да осылар ғой.
Сондай білімді жастың бірі  С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың магистратурасын тәмамдаған Дәулетбек Ағзам. Ол заманауи автоматтандырылған қоқыс сұрыптау кешенінің жобасын әзірледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жобада күн және жел энергиясын пайдалану көзделген, сондай-ақ QR-код қолданылады.  

  "Бұл жоба Өскемен әкімдігінің «Таза қала» бағдарламасынан өзгеше. Автор бұған басқа қырынан келіп отыр. Оның кешенінде тамақ қалдықтары салынатын контейнерлерде жағымсыз иіс болмау үшін салқындатылған желдету жүйесі жасалған. Кешеннің өзі күн, жел және жаңбырдың қуатымен жұмыс істейтін болады",  деп жазады С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың баспасөз қызметі.

Бір ұтымды тұсы, аталған контейнерлерге тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап салған адамдарға сыйақы төлеу жағы да қарастырылған. Ол үшін арнайы QR-код енгізілген. Дәулетбек Ағзамның өзі атап өткендей, қайта өңделген қоқыс үшін ақшалай сыйақы  қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. 

 Менің жобамның адамдарға, қалаға, бизнеске және табиғатқа пайдасы зор болмақ. Осы кешен арқылы халық қоқысты бөлек-бөлек сұрыптап жинауға дағдыланады. Ақылды технологияларды енгізу қала тұрғындарына жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді. Ал кәсіпорындарға бұл қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, өндірісті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға, электр энергиясы шығындарын азайтуға септігін тигізеді, – деп түсіндірді Дәулетбек Ағзам.

Айта кетейік, автордың жобасы Түркиядағы EXPO халықаралық STEM-фестивалінде көпшілік назарына ұсынылған болатын. Онда оны сала сарапшылары жоғары бағалаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив