KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
495.95 524.37 4.98

ШҚО тұрғындарына қандай құрылыс компанияларымен ынтымақтасу қауіпті екендігі хабарланады

Фото: Тілеубек Шаяхмет

20.12.2023, 12:42 121

Қазір Өскеменде тұрғын үй кезегінде барлығы 14 мың адам тұр. Биыл облыс бойынша 325 көпбалалы және аз қамтылған отбасы, оның ішінде Өскемендегі 60 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

 

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қала әкімі Жақсылық Омарға халық кезектің қалай жүріп жатқанын көру үшін барлық кезекте тұрғандардың тізімін шығаруды тапсырды. Бұл ақпарат әртүрлі ресурстарда қол жетімді болуы керек, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.           

 

Сондай-ақ көпбалалы аналар мен жас мамандар баспана сатып алуы үшін құрылыс басқармасымен бірлесіп бағдарламаларды кеңейту бойынша жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды.

 

Айта кетсек, Өскеменде коммерциялық негізде 61 көпқабатты үйдің құрылысы жалғасуда, оның үшеуі құрылыс салушылардың заңнаманы бұзуына байланысты проблемалы үйлер қатарында. Бір үй бойынша құрылыс мәселесі шешілді, ал қалған екеуіне қатысты сот процедуралары жүріп жатыр.

 

- Коммерциялық үлескерлердің проблемалары бақылауда. Мәселе санда емес, тұрғындарымыз осындай келеңсіз жағдайға тап болып, табан ақы, маңдай термен тапқан ақшасын жоғалтты, - дейді Ермек Көшербаев. - Ақпараттық ресурстарда тұрғындарды кіммен ынтымақтасуға болмайтынын хабардар етуге тырысамыз. Өйткені бұл ел үшін ортақ мәселе. Депутаттар алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алып, заңнамаға түзетулер енгізу үшін жұмыс істеуде.


 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу