Катонқарағай тұрғындары ел Президентіне бейнежазба жолдады
Фото: Тілеубек Шаяхмет
Катонқарағай ауданының тұрғындары әлеуметтік желілерде көптен күткен қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығын Үлкен Нарын ауылынан Катонқарағай ауылына көшіру туралы Жарлығы жарияланды.
Үлкен Нарын ауылы жаңадан құрылған Үлкен Нарын ауданының әкімшілік орталығы болады.
Жарлық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Оқи отырыңыз