KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Шығысқазақстандықтар VIP-нөмірлерге қанша қаражат жұмсады?

18.01.2024, 18:00 199 Ләззат Қанатқызы

Шығысқазақстандық автокөлік иелері 2023 жылы VIP-нөмірлерге 63 млн теңге жұмсап, 217 нөмір сатып алған.

Еске сала кетсек, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды.

VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады.

Бұған қоса, Мемлекеттік нөмір иесі оны үшінші тұлғаға бере алмайды немесе сата алмайды. Автокөлік сатылған жағдайда иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін арнайы бағамен 6 айға дейін сақтай алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив