KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО тұрғыны заңсыз ауланған 7 қап балықпен ұсталды

23.02.2024, 14:39 80 Қызырбек Дүргінбайұлы

Полицейлер құқық бұзушыны «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

Заңсыз балық аулаған ШҚО тұрғыны Самар ауданына кіреберістен ұсталған. Тексеру барысында оның көлігінің жүксалғышынан 7 қап көкшұбар (рипус) балығы табылды. Салмағы 130 келіден асқан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында ұсталған ер адамның көлігінен полиция қызметкерлері жалпы салмағы 134 келі болатын 7 қап көкшұбар балығын тапқан. Сондай-ақ жүргізушіде рұқсат құжаттары болмағаны да белгілі болды.

Осылайша, рұқсатсыз балық аулаған тұрғынның келтірген шығыны 900 000 теңге деп есептелген. Қазіргі таңда балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу