Күршімдіктер «Үміт» балалар үйіне барды
Кеше облыс орталығында жәрмеңке өткізген Күршім ауданының әкімдік қызметкерлері мерекені балалар үйінде жалғастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биылғы наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамасына сәйкес кешегі күн -қайырымдылық күні деп белгіленген.
- Соған орай, аудан жұртшылығы атынан Өскемен қаласындағы "Үміт" балалар үйіне арнайы барып, балалармен кездесіп, концерт ұсынып, азық-түлік және басқа сыйлықтар сыйладық, - деп хабарлады аудан әкімшілігі.
Бұндағы мақсат - жақсылықты көрсету емес, өзге де әріптестер мен кәсіпкер азаматтарды осындай игі іске шақыру.
Оқи отырыңыз