KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
477.04 520.78 5.37

Өскеменде қайтарымсыз грантқа өтініштер қабылданады

pixabay.com

13.07.2024, 13:00 117 Назерке Каримова

Жеке бизнесін бастағысы келетін өскемендіктерге мемлекет 1,5 млн теңге көлемінде грант ұсынады.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

400 АЕК (1 476 800 теңге) көлеміндегі грантқа 2-ші ағынға өтініштер 15 шілдеден 26 шілде аралығында қабылданады.

- Грантқа конкурсқа қатысу үшін үміткер Business.enbek.kz порталында өз бетінше өтініш мен бизнес-жоспар береді, - деп хабарлайды "Өскемен қаласының мансап орталығы" КММ. - Конкурсқа қабылдау автоматты түрде жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін өтініш берушілер business.enbek.kz порталындағы Жеке кабинетке бизнес жобаларын қорғау жөніндегі комиссияның күні, уақыты және орны туралы хабарлама алады.


Толық ақпарат үшін 700-659 телефонына немесе Шәкәрім даңғылы, 149/10, 5-кабинетке жүгінуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив