KZ
Өскемен
-19°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
530.24 543.97 5.16

Шетел азаматтары экстремистік әдебиеттерді таратқан – ШҚО

Фото: depositphotos.com

19.07.2024, 16:48 124 Ержан Әбіш

Тыйым салынған материалдарды полиция қызметкерлері облыс орталығы тұрғындарының әлеуметтік желілерінде анықтаған деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі адам өз смартфондарында сот экстремистік деп таныған және Қазақстан аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы кітаптарды сақтап қана қоймай, оларды танымал әлеуметтік желілердің кеңістігінде бөліскен.

Атаған факті бойынша 28 және 27 жастағы шетелдіктерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-ші бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сот қаулысымен олар аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу