KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Қазақтың құсбегілері туралы сонау XVIII ғасырдан бері жазылған

depositphotos.com

10.10.2024, 13:00 56 Ержан Әбіш

ШҚО, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылындағы Бүркіттөбе алаңында 12-14 қазан аралығында «Шығыс салбурыны» халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді. Оған Қазақстан мен шетелдің түкпір-түкпірінен бес мыңнан астам адам келеді деп жоспарлануда. Турнирге 80 бүркіт, 30 сұңқар мен 30 тазы қатысады. Жарыста Қазақстан және Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Венгриядан келген қатысушылар бақ сынаспақ. 
Швед дәрігері және табиғаттанушы Иоганн Петер Фальк XVIII ғасырда Қазақстанға келіп, қазақ халқының саятшылары мен құсбегілері туралы былай деп жазыпты: «Олар аңшылықты күнкөріс қамы үшін емес, таза ауаға серуендеудің бір жолы ретінде де қарастырады. Аңға салған құсты бүркіт деп атайды. Аңшылар бір жасқа толмаған бүркітті саятшылыққа алып шығады. Бүркітті тек иесі ғана ұстайды».

Сондай-ақ, ол бүркітті күн аралатып тамақтандыратынын, құспен қалай сөйлесу керегін, бүркіт ұшыруды қалай үйрету қажеттігі туралы жазған. Бүркітті қолға үйретудің соңғы кезеңі аңшылыққа баулу. Оған үйрету үшін түлкі терісі қолданылған. Осылайша, қазақ саятшылары құсты аң аулаудың «шеберіне» айналдырған. Ол үшін небәрі 4-5 апта ғана жеткілікті болған. Үйретілген бүркіт түлкі, қасқыр, қоянды бірден алып жығады. Айта кетейік, фестиваль аясында бүркітті қолдан ұшырып жіберген соң оны «жасанды» қоян мен түлкі аулауға  салады. Бұдан бөлек, жамбы ату мен дәстүрлі ат жарыстары ұйымдастырылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив