KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
484.11 528.79 5.03

ШҚО полицейлері көші-қон заңын бұзғандарды анықтап жатыр

depositphotos.com

Кеше, 14:30 46 Айна Ескенқызы

14-18 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Заңсыз келуші» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Операцияның мақсаты – өңірдегі көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау және заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу.

Шара барысында полицейлер транзиттік ағындарды тексеріп, шетелдіктер арасындағы құқықбұзушылықтарды анықтап, қажетті құжаттарды заңдастыруға көмектесетін болады. Құрылыс алаңдарын, базарларды, асханалар мен дәмханаларды тексеруге ерекше назар аударылады.

Құқық қорғау органдарының алдында заң бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, заңсыз көші-қон ағынын тоқтату, аймақтағы қауіпсіздік деңгейін арттыру міндеті тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив