Ауыл мектебіне шағын автобус берілді - ШҚО
Фото: AMANAT
ШҚО-дағы ауыл мектептерінің біріне шағын автобус берілді.
Азов ауылының тұрғындары Азов орта мектебіне шағын автобустың қажеттігін айтып, «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына жүгінген, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Көлік көрші ауылдардағы оқушыларды сабаққа әкелу үшін және өзге де іс-шараларға балаларды тасымалдағанға керек екен.
Арада көп уақыт өтпей ауыл тұрғындарының өтініштері оң шешілді. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ербол Әбдіқалықов Азов орта мектебіне шағын автобус сыйға тартып отыр.
#AMANAT