Сырым Әуезхан: Төреғалидің әншілік мансабын мен бастап бердім
Ақын Сырым Әуезхан Төреғали Төреәлімен айтысқан кезі туралы әңгімелеп берді.
«Ұйқым келмейді» түнгі шоу-бағдарламасының қонағы болған ақын Сырым Әуезхан Төреғали Төреәлімен айтысқан кезі туралы айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
- Төреғали аға екеуіміз жұптасқан айтыс олимпиадалық жүйемен өтетін болды. Бұрынғы айтыстарда ол кісі басқа ақындардың сөзін қолданғаны бар еді. Соны негізге алдым. Кәдімгідей қырғын айтыс болған. Ер шекіспей бекіспейді дегендей, айтыста бір тіресіп қалдық. Бірақ одан кейін қол алысып, қазір ағалы-інілі болып араласып жүрміз. Сондықтан жақсы жағын айтайық. Мен Төреғали Төреәлінің айтыстағы карьерасын тоқтатқан жоқпын, керісінше оның әншілік мансабын бастап бердім, - дейді ақын.
Оқи отырыңыз