KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Айтыскер ақын сұхбат бергені үшін мың доллар алады

23.06.2023, 21:38 3 084

Айтыскер ақын Сырым Әуезхан сұхбаттарға тегін шықпайтынын айтты.

«Ұйқым келмейді» түнгі шоу-бағдарламасының қонағы болған ақын Сырым Әуезхан телеарналарға неліктен тегін сұхбат бермейтіні жайлы айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Айтыскердің телебағдарламаға шығу райдері – мың доллар.

Сұхбат беру, сөйлеу немесе арнау айту бізге қиын емес. Біздің мақсат – ат мінгізіп, шапан жабу деген қазақтың дәстүрін жаңғырту. Бұрын шапан – күнделікті киетін киім, ат – көлік болған соң, құнды еді. Қазір нарықтық заман. Әр нәрсеге бола шапқылай берсең қадірің кетеді. Арнау дегеннің өзі жұмыс қой. Елдің ақынымыз, әрдайым халықтың көңілінен шығуға тырысамыз. Бірақ осы бойымыздағы қабілетті, құндылықты жан-жаққа шашып, бекерге шаршап қалмау үшін мүмкіндігінше бағаланған жерге баруға тырысамыз. Уақытты  әркімнің көңіліне қарап жұмсап жібермей, мүмкіндігінше халыққа көбірек пайда әкелу керек, – дейді ақын. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу