KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жағалаулардағы демалыс орындарына рейдтік тексеру жүргізілді

15.07.2024, 12:11 123 Жанаргүл Мұқатай

 Шығыс-Қазақстан облысының жағалаулардағы демалыс аймақтары мен туристік орындарына жүргізілген  рейдтік тексерулердің нәтижелері анықталды, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тексерулер нәтижесінде  демалыс жағалауларында  бөлшек саудада алкоголь өнімдерін лицензиясыз саудалаған және тауарларға ілеспе жүкқұжаттары жоқ болған 13 тұлға анықталып, олардан жалпы сомасы 9.8 млн.теңгенің алкоголь өнімдері тәркіленген,  тексеру материалдары әрі қарай сотқа жіберілмек.

Рейдтік тексерулерден бұрын Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  ШҚО Прокуратурасымен бірге   туризм объектілері бойынша бюджетке қосымша резервтерді анықтау жөіндегі бірлескен жұмыс шеңберінде Бұқтырма су қоймасы жағалауында, Сібе және Дұбығалы көлдерінде, Төменгі Тайынты және Жоғарғы Тайынты ауылдарында 1082 бизнес субъектілерімен және жеке тұлғалармен туризм объектілеріне салық салу бойынша көшпелі семинарлар өткізген.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 23-24 мамырында Алтай қаласында және Үлкен-Нарын ауылында, 2024 жылдың 30-31 мамырда Ұлан және Самар аудандарында, сондай-ақ 2024 жылдың 19 маусымында Өскемен қаласында бизнес субъектілері үшін әр- түрлі бағыттарда: туризм, мейрамхана- кафелер, автокөлік жуу орындары, үй маңындағы дүкендер иелеріне семинар өткізілген.

-Бұдан әрі, біз, мемлекеттік кірістер органдары жергілікті әкімдіктермен және полиция органдарымен бірлесіп, Бұқтырма су қоймасының, Сібе, Дұбығалы көлдерінің жағалауында салықтық нормалар бойынша аула аралау арқылы буклеттерді тапсыра отырып, салық заңнамасын түсіндіру бойынша жұмыс жүргіздік.

Тексерулерді осындай барлық түсіндіру жұмыстарынан кейін барып бастадық.  Бұқтырма су қоймасы жағалауы участкесінде, Сібе және Дұбығалы көлдерінің жағалау учаскелерінде, Алтай ауданы- Алтай қаласы, Ұлан ауданы және Самар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары Атамекен кәсіпкерлік палатасының қызметкерлерінің бірлесуімен тақырыптық (рейдтік) тексерулер бойынша ұйғарым тіркелді. Бірақ бұған қарамастан, ресми тексеру шараларын жүргізу кезінде салық заңнамасының әртүрлі бұзушылықтары, бақылау- кассалық тәртіптің бұзылуы, рұқсат құжаттарсыз акцизделген өнімдерді сату және т.б. анықталуда,-деді БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында  ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш.

Мысалы, тексеру кезінде белгілі болғандай, Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасы жағалауында  ЖК ретінде есептен шығарылған кәсіпкер  жағалауда ешқандай құжатсыз өз қызметін одан әрі заңсыз  жалғастырған.

Мұндай жағдай Самар ауданының аумағында да тіркелген.  Осы ауданда ЖК тіркеусіз кәсіпкерлік атқарғаны анықталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу